«Халық банкі» АҚ атынан алаяқтар хат жолдауда

Интернет арқылы азаматтардың поштасына «Халық банкі» АҚ атынан жеке тұлғаның дербес деректерін сұрап жіберілетін хаттар алаяқтардың ісі болып шықты.
банкБіз  «Халық банкі» АҚ-ның жеке тұлғаларға қызмет көрсету орталығына хабарласқанда аталған хаттың жалған екені белгілі болды. 
«Банк атынан ақпарат сұрап келетін бұл хат алаяқтардың ісі. Хатқа жауап бермеу керек. Қазіргі уақытта олар анықталуда. Сонымен қатар, банк атынан түрлі СМС-тер де жолдануда. Азаматтардың абай болуын сұраймыз», – деп хабарлады банк операторы. 
Атап айтсақ, банк клиенттері өздерін мазалаған сұрақтарына 8 8000 8000 59 номеріне хабарласып жауап алуына болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓