Ардагер кітапханашылар марапатталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан кітапхана тарихында тұңғыш рет ардагер кітапханашылар «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
_MG_2778 Қаладағы №2 облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының оқу бөлімінде  марапат иелерін әріптестері және оқырмандардың қатысуымен қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов құттықтады.
 Ғазиз Ерболатұлы жергілікті кітапхананың бай кітап қорына назар аударып, өзінің кітапты сүйіп оқитынын, бос уақытын сирек кітаптарға арнайтынын айтты.  
 Қала әкімі қолынан «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісін алғандар: аталмыш кітапхана директоры А.Нұрманова, бөлім басшысы А. Ермағамбетова, сектор меңгерушісі Е. Ершов.
 Кітапхана ісінің ардагерлеріне төс белгісімен қоса, арнайы нөмірленген куәліктер тапсырылды. 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓