Барвиндіктердің бәрі осында…

Барвин ауылының орталығында қос бірдей мұз айдыны «мен мұндалап тұр». Барвиндіктердің бәрі осында барады.
Мұз айдыны
Оның бірі жаттығу жасайтын,  хоккей ойнайтын кәдімгі мұз айдыны болса, ал екіншісі қалаушыларды қызықтырған, құмарларын қандырған коньки алаңы.  
Әсіресе, кешқұрым мұнда келушілердің қатары көп. Бала біткен осында ағылады, олар тіпті, сарышұнақ  аязға да қарамайды. Әйтеуір, көк мұзға сырғанап, көңілдерін көктем етеді. Ән-күй мен көмкеріліп, жарқылдақтар көздің жауын алған алаңның  киім ауыстыратын орыны дәл жанында.  
Мұнда аты барлық ауданға мәлім Айдархан Жұмағожин сынды азамат үлкен-кішіге конкькидің қыр-сырын үйретуде.  Ал, осы ауылдың белгілі кәсіпкері, «Аманжол АкРо» ЖШС-нің  директоры Е.В.Акопян бұл спорт түрін қолдап келеді. Демеушіге барлық барвиндіктер дән риза.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓