Қазақстандық кәсіпкерлердің 60% тексерулерден босатылды
Елімізде 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап бизнес саласындағы жоспарлы тексерулер тоқтатылды. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшіне енді.

Жалпы, кәсіпкерлер шартты түрде төрт топқа бөлінеді. Олар-ға қатысты тексерулердің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ тәуекел деңгейін бағалау жүйесі бойынша "іріктемелі" тексерулер әрекет ететін болады. Бұдан шығатын қорытынды не? Егер кәсіпкердің жұмысынан бір кілтипан табылса, онда оны тексеруге тура келеді, ал тексеру жұмысында еш іркіліс жоқ кәсіпкерлерді бақылаушы органдар мазаламайды", – деп атап өтті Қостанай облысы кәсіпкерлер Палатасы құқықтық қолдау бөлімінің басшысы Ренат Дәулетбаев.
"Ерекше тәртіпте" атом энергетикасы, қару, есірткі құралдарының айналымы саласындағы субъектілер, өрт және өнеркәсіп-тік қауіпсіздік объектілері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық, атап айт-қанда, қоғамдық тамақтану саласындағы нысандар тексеріледі. Іріктемелі тексерулер кәсіпкерлердің есептілігін талдау негі-зінде, ал жоспардан тыс тексерулер азаматтардың арыздары бойынша не прокуратура және өзге мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
Бұған тәуелсіз аудит және ішкі, өндірістік бақылауды енгізу, сондай-ақ кәсіпкерлер қызметін сақтандыру сияқты тексерулердің баламалы түрлері де енгізілетін болады.
Айбек
кәдірұлы