Көпқабатты бес үйдің құрылысы тоқтатылды

Оған өрескел ереже бұзушылық себеп болған. Әуежай шағын ауданындағы бес бірдей үйдің құрылысымен айналысып жатқан мердігер компанияға айыппұл салынды.
Қостанай облысы прокуратурасы компанияның архитектура-құрылыс заңнамасын белден басқанын анықтаған.
ЖШС заң бұзушылыққа барғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 316- бабы (жобалық-сметалық құжатсыз, сараптамадан өтпей құрылыс жүргізу) және 321-бабы (құрылысты техникалық және авторлық бақылаусыз жүргізу) бойынша жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Айыппұл сомасы – 612 600 теңге, ол толық көлемде төленген.
Ал көппәтерлі үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары бір айға тоқтатылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓