Тігінші

Тігінші Айман адал еңбегінің арқасында ауыл халқының ыстық ықыласына бөленген. Қараобадағы ісмерлердің арасында топ бастап тұр десек, әбестік болмас. Себебі, ауылдықтар тігіншінің қолынан шыққан дүниені әп-сәтте алып кетеді.
– Іс тігуге жасымнан жақын едім. Оның қыр-сырын кезінде енем үйреткен. Қазір үлкендерден көріп, үйренгенім бойынша жұмыс істеп жатырмын. Тапсырыс берушілердің қатары да артуда. Үлгермей жатсам немерелерім көмектеседі, – деді Айман Күнтуова.
Кейіпкеріміз тігіншілікпен нәпақасын тауып, отбасының ұйытқысы болып отыр. Құдай қосқан қосағы Байтемірмен бірге ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерін тәрбиелеуде.
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: Айман Күнтуова.