“Балапанның” аясында…
Бүгінде облысымызда жүз алпыс жеті балабақша жұмыс істейді. Сол секілді отыз бес жекеменшік балабақша мен төрт жүз жетпіс шағын орталық өз қызметін ұсынып отыр. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, қазіргі кезде өңірімізде шағын орталықтарға баратын балалардың күн ұзақтығын толық күнге көшіру мәселесі қолға алыну үстінде. Мәселен, өткен жылы он бір шағын орталық толық күнге көшіп, барлығы 105 бірлікті құрап отыр. Сонымен қатар балалардың барлығының да тең жағдайда балабақшаға баруын қамтамасыз ету үшін инклюзивті орта қалыптастыру мақсатында облыстағы мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жиырма алты топ бар, оған төрт жүз жиырма сегіз бала барады. Және де Рудный қаласындағы №12 бөбекжай-бақшаның базасында, Лисаков қаласындағы "Мұрагер" балалар оқу-тәрбие орталығында инклюзивті білім бойынша эксперименталды алаң жұмыс істейді.
Гүлназым
САҒИТОВА