Балаңның аты кім?

Ал енді Арғымақ жылы балаларға қандай есімдер көп қойылды? Өткен жылдың танымал есімдері жайында Қостанай қалалық әділет басқармасының бас маманы Жұлдыз Омаровадан сұраған едік:
– Қолдағы деректерге сүйенсек, қала жұртшылығы арасында ұл балаларға Санжар, Нұралы, Әмір, Кәрім, Нұр-сұлтан, Абылай, Даниал, Сұл-тан есімдері жиі қойылса, қыз балалар арасында Айзере, Әмина, Айару, Дария, Зере, Анель, Жанель, Дамила, Нұ-рия, Сара, Айя, Амира, Дильназ секілді есімдер де қалысар емес. Бұлар ең танымал, сондықтан жиі қойылады. Дегенмен Анара, Жанара, Гүлнара сияқты аты бұрмаланып, яғни соңына "а" әрпі қосылып жазылатындары да ара-тұра кездеседі. Ата-аналарының өзі талап ететін болған соң біз солай жазуымыз керек. Сонымен қа-тар, халық арасында қазіргі болып жатқан телесериалдардан қойылатын аттар да көп. Мә-селен, Лунара, Адилина, Айя. Бұрындары Арыстан, Жолбарыс, Түлкібек, Қасқыр, Итбай секілді адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын аттар жиі қойылса, қазір ол жоқ. Алайда арамызда кейбір шетелдік телесериалдардағы Сүлейман, Жахангир, Баязид секілді есімдер де жоқ емес, – дейді Жұлдыз Омарова.
Біздің білгеніміз, орыс хал-қында бар-жоғы 7 мың ғана есім болса, қазақта оның саны 50 мыңның шамасында екен. Демек, сәбиге ат қою жағына келгенде ешқандай қиындық жоқ. Жоғарыда әділет департаменті келтірген деректе ұлдардың арасында алаңдата қоя-тын есімдер жоқ екен. Ал қыздар арасында сырттан кіріп жатқан ныспылар кездесіп қа-латыны жасырын емес. Қазақта қыздарға қатысты Кәмшат, Гүлсезім, Жансая, Мәдина, Ардақ, Дана, Ботагөз, Шынар, Балнұр, Гүлжан, Ақерке, Құралай, Меруерт, Баян, Мереке, Ғазиза, Кәмила, Ақниет, Арай, Әсел, Нұргүл, Айсұлу, Қаламқас, Перизат, Бану, Зәуре, Сандуғаш, Әйгерім, Қарлығаш, Айша, Ләззат, Сұлушаш, Қымбат, Ақмарал, Гүлзейнет, Балжан, Ләйла, Жұлдыз, Таңшолпан, Аяулым, Әмина, Ұлбосын, Роза, Дариға, Сәуле, Нағима, Гаухар секілді және бұдан өзге де көптеген құлаққа жағымды естілетін есімдер жеткілікті. Олардың барлығын тізіп жазып шығу мүмкін емес. Сондықтан дүниеге ұл-қыз әкеліп жатқан, сондай қуанышты күнді асыға күтіп жүрген барша алтын құрсақты аналарға осындай тамаша есімдерді қойған жөн болар еді дегенді айтпақпыз.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ