Сілеусін адамдарға шабуылдамақ болды
Қарасу ауданын Қарамырза ауылына кіріп кеткен сілеусіннің көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті «Қарасу өңірі» газетінен хабарлады.

Күзетші басқаларды көмекке шақырғанда сілеусін ауладағы жүк көліктердің бірінің астына жасырынып қалған. Кейін ол оқиға орнына шақырылған аңшыларға да шабуылдауға әрекеттенген. Адамдарға қауіп төндірген жануарды ату туралы шешім қабылданды.
Сілеусін қазақ даласына Ресейдің Қазақстанмен шекаралас орман аймағынан келіп, адасып қалған соң елді мекенге кіріп, өзіне азық іздеген болар, деген жорамалдар жасалуда.
Өлтірілген жануардың денесі аудан орталығына жіберілді. Оны аудандық мұражайға қою үшін таксидермия үрдісінен өткізуі мүмкін.