Оқырман неге қобалжиды?

"Газет – досың, сырласың"  деп тегіннен-тегін  айтылмаса   керек. Мұны Мүлкүлән атай  дәлелдеді. 
– Басқаға  қайдам, "Қостанай таңы" газеті үйге кешігіп жетсе, әлдебір затымнан айрылып қалғандай күй кешемін, –  дейді қария.
Жасы сексеннен асқан атамыз төсек тартып жатыр екен. Қос аяғы кенеттен сыздап ауыра қалса да, қарияның   сүйікті  басылымды іздейтініне қайран  қалдым. Арнайы редакциядан келгенімді айтқанымда Мүлкү-лән ата балаша қуанды. 
Бұл кісі Қонай ауылынан біз-ге  телефон  арқылы  хабарласқан болатын. Сұхбаттасқанда көп оқып, көңіліне көп  тоқитынын  аңғартты.
– Сіздерді мазалағаным, мүмкін, дұрыс емес болар,– деді қария сәл-пәл ыңғайсыздау  күймен. 
1936 жылдан бері  осы ауылда  тұрамын. Облыстың тыныс-  тіршілігін газет арқылы біліп      отыру бұлжымас әдетке айналған. Басылымның бір саны кешіксе, тынышым кетеді. 
Қария ағынан жарылды.     Әңгіме  барысында газет көтерген мәселелерге ризашылығын  білдірді. Әсіресе,  ауыл тақырыбына назар аударады. Торғай  топырағында дүниеге келген ұр-пақ  сол аймақтағы оқиғаларды журналистердің материалынан біліп отырады. Қонай ауылы Қостанай қаласына қарағалы осы елді мекен үшін қандай шаралар белгіленгенін газеттегі  мақалалардан  аңғаратынын айтты. 
– "Қостанай – ақпараттағы"   шағын хабарларды алдымен  оқимын. Ардагерлер туралы      материалдардың көбейгені дұрыс болды, – деп сөзін түйіндеді  қария. 
Ауылда  пошта  тасушы Клавдия Глинкинаны іздеп тауып алдым. Мүлкүлән атайдың      шағымы жайлы хабарладым. Клавдия Николаевна күлді. Сосын:  
– Жерлесімнің  мазасызданатынын біліп едім. Еңбек  етіп жүрген кезінің өзінде қолына түрлі басылымдарды ұстап жүретін. Терең ойлы, сезімтал кісі. Газетті оқығасын алған  әсерін ауылдастарына айтып, шаттанады. Басылымда көте-рілген  мәселелерге шын  мәнінде баға береді, – дейді  Клавдия  Глинкина. 
Пошташы газеттің кейде кешігетінін де мойындады. Қостанайдан Аманкелді ауылындағы  поштаға әкелінген басылымдар түстен кейін  осында  жеткізіледі. Автокөлік сынып қалса, тасылым келесі күнге қалдырылады  екен.
– "Қостанай  таңының"   № 45   саны оқырман қолына  тимепті ғой.
– Қария осы сан үшін ренжі-ді. Аталған сан 30 сәуір күні  жа-рық көрді. Мереке алдындағы күні пошта тасылымы әлдебір  себептермен жүргізілмей қал-ды.  Әлгі сан газеттің  № 46   санымен   қоса   алтыншы  мамырда келді. Оқырмандар  соған бола абыржыды. Енді  мұндай  келеңсіздікке жол бермеуге тырысамыз, – деп  Клавдия  Николаевна уәде  етті. 
Қостанай қаласындағы тоғызыншы шағын ауданының  тұр-ғыны Үміт Ізғыттина да редакцияға  хабарласты. Ара-тұра газет кешігіп қалатынына налиды.
– Үнемі болмағанымен газеттің  кезекті саны бір күннен  соң қолыма тиеді. Дегенмен, газетті алғанға дейін алаңдаймын, – дейді  Үміт  апай. 
Қалай  десек те, жарты ғасыр бойы біздің газетті үзбестен оқитын қариялардың алаңдаушылығы орынды сияқты. Кәрі-лікті мойындамаған олар басылым арқылы жаңалықтарды  уақытылы білуге  құмартады. Олардың газеттің досы, әрі сырласы екенін  пошта қызметкерлері жадында сақтауы керек.
Ермекбай
     ХАСЕНОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓