Жаңа бағдарлама талқыланды

787_2Жақында Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" аудан мен қалалық бөлімшелерінде "Нұр Отан" партиясы  мен жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында бекітілген "2015-2025 жылдары жем-қорлық  іс-әрекетіне  қарсы" мемлекеттік стратегиялық бағдарлама ережелерін талқылады. Талқылау барысында қабылданған бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне баса көңіл бөлінді. Атап айтсақ, жемқорлық іс-әрекетке қарсы мәдениетті  қалыптастыруға,  білім мен тәрбиеге, жемқорлықтың туындау алғышарттарын төмендетуге, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Өткізілген іс-шарада ұзақ мерзімді партия бағдарламасының негізгі ережелеріне түсінік берілді.
Мәжіліс соңында, жемқорлықты болдырмаудың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 2010 жылдан осы уақытқа дейін жемқорлық құқық бұзушылық қызметкерлер тарапынан тіркелмегені аталып өтті.
 
Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓