Менің қалауым – журналистика

IMG_6000Біз қазір он бірінші сыныпта оқимыз. Аздаған  уақыттан соң мектеп  табалдырығын  аттап, үлкен  өмірге  қадам  басамыз. Алда  бізді  әлі  талай  асулар  күтіп  тұр.
Мысалы мені "кім болам?", "қандай мамандық иесі  болам?" деген сұрақтар жиі мазалайды.
Жастайымнан теледидар алдында отырып, жаңалықтарды  үзбей қараушы  едім. Телевизия  саласында  жүрген  аға-әпкелеріме  қарап, еліктеп  өстім. "Солар  секілді  болсам ғой", деген іштей арманым  болды. Күнде  айнаның  алдында  отырып, өзімше жаңалықтар  жүргізетінмін.
Меніңше, журналистика  қызықты  әрі  мол  ізденісті  талап  ететін  сала. Әр  аймақтың  түкпірінде  болып, беделді  кісілерден  сұхбат  алу  қызықты  іс  деп  ойлаймын. Өз  басым  журналист  мамандығын  қатты  құрметтеймін. Себебі, онда  жүрген  аға-әпкелеріміз  қиындыққа  қарамай,  елдің  мұңын  жоқтап,  қуанышына  ортақтасады. Халықтың  әлеуметтік  жағдайын  сәл де болса  жеңілдетуге  себепкер  болатын  жандар.
Жақсы  журналист  болу  үшін  ел  тарихынан,  әлем  тарихынан  хабардар болу  керек. Өте  терең  біліммен  қаруланған жөн.
Халық  пен  биліктің  арасын  байланыстыратын  дәнекер  көпір – ол журналист. Басты құралы – шындық. Мен де  шындықтың  жалауын  көтеріп, елдің  өркендеуіне,  дамуына  пайдасын  тигізетін  журналист  болғым  келеді.
Жансая САБЫРЖАНОВА,
Нұржан Наушабаев атындағы  Затобол  орта  мектебінің
11сынып  оқушысы,
"Қостанай таңы" жас тілшілер клубының мүшесі.
Қостанай ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓