Қос мереке қарсаңындағы қуаныш
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қостанай ауданының Воскресенов ауылдық округіне қарасты Воскресенов елді мекенінде жергілікті тұрғындар жаңа үйлердің кілттеріне ие болды. Атап айтқанда, "Павловский" шаруа қожалығының жұмысшылары баспаналы болды.
Бұл үйлерді салуға аталмыш қожалық басшысы, Қостанай ауданының меценаты Александр Павловский бастамашы болды.
Қуаныш иелеріне баспана кілттерін табыстау рәсімін аудан әкімі Жансұлтан Таукенов пен қожалық басшысы жүргізді.