Соғыс ардагерлерін ардақтады

Келіп жеткен 2015 жыл қарсаңында аудандық Қорғаныс бөлімінің бастығы Қайыржан Атаев сарыкөлдік соғыс ардагерлерін аралап, майдангерлерді Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің атынан құттықтады.

Қорғаныс бөлімінің бастығы Қ.Атаев соғыс ардагері П.Черепахинді құттықтауда.Ізгі ілтипатқа ие болғандардың қатарында – П.Д.Черепахин, А.П. Евтушенко, Т.Т.Спивак және В.П.Мухачев сынды соғыс ардагерлері болды. Оларды қой жылымен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық тілеп, Отан үшін от кешкен ерліктері үшін алғыс айтып,  бәріне бірдей сыйлық табыстады. Ардақталған ардагерлер де өз кезектерінде ағынан жарылып, құттықтаушыларға ақ ниетті ақжарма тілектерін ақтарды.

 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓