«Дәстүрлі дін – ел тірегі»
Облыстық "Дала өлкесі тарихы" мұражайында «Дәстүрлі дін – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда тақырыпта айқындалып тұрғандай асыл дініміздің құндылықтары мен халқымыздың дінімізбен сабақтасып жатқан әдеп – ғұрыптары жайлы әңгіме өрбіді. Бұл төңіректе мұхтасиф Әлмұхамед молла атындағы қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы салиқалы уағыз – насихат айтты.
Сондай – ақ, бүгінгі күні осы ата – бабамыздан қалыптасқан салт – дәстүрімізге қарсы іс – әрекеттерімен ел ішіне іріткі салғысы келіп жүрген теріс пиғылды келімсек діни ағымдар жайлы қалалық ішкі саясат бөлімінің діни маманы, теолог Әсет Бауыржанұлы кең мағлұмат берді.
Дөңгелек үстел отырысына қатысқан Ш. Уәлиханов атындағы №1 мектептің жоғарғы сынып оқушылары көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, діни танымдарының көкжиектерін кеңейтті.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы