Биыл Торғайдағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің ірге тасынын қаланғанына 150 жыл.
Осыған орай аудан орталығындағы ұлы ағартушы атындағы тарихи мұражайдың алдындағы ескерткішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшыларының сөзіне сүйенсек, алдағы қазан айында мектептің 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіледі деп жоспарлануда.