Қостанайлық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Ө. Жолдасбеков атындағы механика және математика бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауында облыс оқушыларының барлық жобалары жүлделі орындарға ие болды.
2023 жылғы 1-3 наурызда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Механика» секцияларында жобаларды ұсынды. Байқауға Қостанай қаласынан, Қарабалық ауданынан, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан және Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған  мектеп-гимназия-интернатынан 11-сыныптың 7 оқушысының 6 жобасы – оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі жүлдегерлері қатысты.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының мүшелері барлық жобаны марапатқа лайық деп таныды: оның ішінде 3 жоба (4 оқушы) I орын, 1 жоба (1 оқушы) II орын және 2 жоба ІІІ орын алды.
Атап айтқанда:
– «Механика» секциясы «Озат»  МАТМЛИ оқушысы Оразбай Нұрхан І орын;
– Қостанай қаласы Б. Момышұлы атындағы  № 5 ЖББМ «Механика» секциясы оқушылары Федорук Евгений және Осетров Вадим І орын;
– Қарабалық ауданы Новострой ОШ «Математика» секциясы оқушысы Безносенко Михаил І орын;
– Қостанай қаласындағы «Қолданбалы математика» секциясы мүшесі Титова Ангелина ІІ орын;
– Қостанай қаласындағы «Математика» секциясы мүшесі Орымбаева Дильназ ІІІ орын;
– Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ   «Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы мүшесі Хасенова Алина ІІІ орын иеленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓