Жорналшы болу – арманым

image descriptionШеңгелі мол, тұмса тағдыр сынынан кім қашып құтылған. Үкілеген үміт сәулесі асқақ армандар қаласына жетелейді. Ал  мен армандаған қалашық құлқынның емес ұлтының қамын күйттер өлке. Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуына бірден-бір зор ықпалын тигізер,  бұқаралық ақпараттың биліктің төртінші  сапында  дейтіні осыдан болар. Бұл орайда елдің ертеңгісі мен бүгінгісін саралап, мұңын – мұңдап, жоғын жоқтайтын тілшілердің еңбегі ерен – ақ.
Бұл ретте Уистон Черчильдің мына бір қанатты сөздері ойыма орала кетті.  "Ешкім де жазушылардың қабілет-қарымын өзінің еркіне қарама-қарсы келетін күреске айдап сала алмайды. Оларды өз таңдауы бойынша бастаған күрестен тоқтата алар реңде жоқ. Олардың қаламы – адамдар мен ұлттарды азаттыққа шақырушы ұлы күш. Олардың санасынан ұшқан еркін сәулелерді қандай сыйқыр шынжыр да матар. Ешбір кедейшілік тұсар ешқандай бір кеден бөгеті тоқтата алмайды" – деген екен.
Шідерлеулі тұрған шындық шынжырын үзу әркімнің қолынан келе бермесі хақ. Ұлтын ұлықтар  жас ұрпаққа артылып отырған жүк, сенім мен серт ерекше болса керек-ті.  Асыл құндылықтарымызбен қайта қауыштырып, ұлттың ұлжандылық өресімен өзіндік үн қосу һәм дара пайымын қалыптасуына септігін тигізетін де осы қалам иелері.
Тарихынан тылсым сыр шертетін қасиетті дархан өлке – дана абыз сықылды. Небір керім күндердің куәсі тұңғиық сыр көмкерген тылсым ғаламшар. Сол ғаламшар сырын білсем деп үңілген қай жан болмасын бұл абызға соқпай кетпейтіндей.
Елім, тілім, дінім деген өр рухты өрендер өресін өрге өрлетіп қиялына қанат бітіретін осы тылсымға толы дүние емес пе? Біздің кей  аңғара бермейтін тұстарымызды Шерхан Мұртазаның "Бір кем дүние" – деп толғауы да заңдылық шығар ендеше. Бізге дейін қыбыры мұң – дүбірі  мың тарих парағы сан мәрте жаңарса да бұқара халық жадында сақталғаны рас.
Шерменде болған шежірелі өлке тынысымен таныстырып, еміс-еміс ұмыт бола бастаған есімдермен табыстырар ұлт үнжариясы, ақпарат саласы  қым-қуытты. Алаш арысы, сом тұлға Ахмет Байтұрсынов "Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі"  –  деп бағалағаны осыдан болар.   Қаржы бөліп тастауға қауқары болмаса да, қаламын қару еткен ұлтжанды жандар. Қалай десек те, жорналшы болу –  менің арманым!
Сырлы күмбезім
 
Сырлы күмбезім сырыңды ашар жан таппай,
Сәби көңілім береді неге жалтақтай.
Еңсем де түсіп еңселі тауым шағылып,
Сезінем кейде өзімді шірік жаңғақтай.
 
Көк жиектей көңілде сан ой самсаған,
Сарылып жеткен  сағыныш хатын қарсы алам.
Сүрлеу – соқпағын тосса да тағдыр әліде,
Сені сүйуге өмірім менің бар шамам.
 
Қап-қара түнек ішінде жүрмін тамұқтың,
Жалт қарасам жападан жалғыз қалыппын.
Айқайлап келем үнімді ешкім естімей,
Сыйлады сол сәт жаббарым нұрын жарықтын.
 
Қарлығып тұрмын үнімді ешкім естімей,
Әр күні бір сын тосатын мені кескілей.
Түйелі көшін жылдармен жылым жылжытып,
Сабылып жатты сағымша сайрап есті жей.
 
Сарқылып шыдам темір төзімім жұқарып,
Қайғырып күліп байыған болып жұтадық.
Тағдырдың салған  тайғақ жолына не шара,
Тұрғандай болып кейіннен оңбай құладық.
 
Көретін пенде Алланың жаққан шырағын,
Бақытты жанбыз естіміз болса ұғатын.
Жұлдыздар менің сырласым болып қалмақшы,
Шыңында тұрар сендік биікке құмар тым.
 
Ағындай сүттің арманы асқақ арымның
Арындай түстім ағынан досқа жарылдым
Мөп-мөлдір моншақ сырларым менен мұңдарды
Тарыдай шашып жинай да алмай жаңылдым.
 
Құлымын Хақтың, әсілі адам баласы,
Бір жұлдыз  әне құлдилап кетті қарашы.
Бір жұлдыз сөнсе бір жұлдыз жанар орнына,
Ақ пенен қара  ол заңды, хақтың қалауы.
 
Көргім келеді
 
Көргім келеді, көргім келеді,
Еліткен мені Айдың бедері.
Аққуды  түсін қосағы кетсе,
Айдында жүзіп айбынды өледі.
Өмірмен өлім күңшіл екені,
Айнадай жарық айқын себебі.
 
Жалт етер өмір жасын келері,
Жауратып жанды жасын төгеді.
Сары күз жетсе жайқалған ағаш,
Қаусаған қарттай қасын кереді,
Қыранға жетер қырағы бар ма,
Тауында өсіп тасында өлері.
 
Өскім келеді, естің елері,
Белгілі іле көшкін келері.
Азаптан мәңгі арылып менде,
Өзгедей ғұмыр кешкім келеді.
Мен үшін көктем төңірегінен,
Бұлбұлдың үнін есту керегі.
 
Дегенмен сыншы уақыт төреші,
Саралап бағдар бағыт береді.
Сүбелі сөзден ой түйсе егер,
Ақынға бақыт Алла елері,
Пендесі әртіс театр өмір,
Әркімге сайлы ролді бөледі.
 
Қызғалдағым
 
Жүрегіме қалдырып өткен белгі,
Міне менің жаныма көктем келді.
Қуаныштың шын дәмін таттым бүгін,
Орындалып арманым көптен бергі.
 
Балғын шақтың елесі есімдегі,
Көтересің бір жүріп көш ілгері.
 
Бақ деп ұқтым, орнаған басымдағы,
Сая тапқан жанымның жасыл бағы.
Өзің барда, мен үшін түкте емес,
Жасқай алмас тағдырдың жасындары.
                                 
Аялайтын әркезде ізгі ардағын,
Елемейтін өзгенің сызданғанын.
Асыл жарың өмірлік серік етті,
Түсін енді Өлеңге құштар жанын.
Түсін мені жарығым Қызғалдағым.
 
Тың дүние туылар жырлар әлі
Өзгелерге қымбатты тым бағалы
Қарып кетіп жүрмесе болар еді
Кернеп алып қызғаныш ызғар әні.
 
Іздеймін мен сені
 
Аңсаумен келемін мен сені,
Бүршігін жарғандай өмір – гүл.
Арманым аяулы еңселі,
Бейнең де көктемдей көгілдір.
 
Қыз деген өмірдің сәні бұл,
Жүректе махаббат зары тұр.
Қимаймын сүйемін мен сені,
Түсінші, түсін бе бәрі бір?!
 
Махаббат шуағы нұр өпкен,
Басыңнан өткенде ұғарсың.
Қапыда сені іздер секілді,
Бір күні іздейтін шығарсың.
 
Кеудемде от жалын сезіммен,
Іздейді  әр кеште бағынбай.
Сәтімнен кезіккен өзіңмен,
Қимастық орнады сағымдай.
 
Жансам да махаббат отымен,
Жүректе өшпестей бекіген.
Өзіңе ғашық қып алдың ғой,
Енді өзің ұмыттыр өтінем.
Ерхан БОЛАТҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓