Оқушылардың улану себебі анықталды
Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 16 тәрбиеленушісі уланған ішек инфекциясының жұқтырушысы білім мекемесінің ас әзірлейтін бөлігіндегі азық-түліктен табылды.

Бұрын хабарланғандай, 25 желтоқсанның кешінде балалар ауруханасына тамақтан улану белгілерімен бірінен соң бірі лицей оқушылары, барлығы 16 бала жеткізілді. Алтын түсті стафилококпен бірге кейбір балаларда ауыз қуысының инфекциясы болды.
Лицей басшылығы балалардың улануының көзі олар жақында болған дәмханада немесе ата-аналарының білім мекемесінің жатақханасына әкелген азық-түлікте болуы мүмкін деп шамалайды.