Аи-92/93 маркалы бензин бағасы арзандады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 229 бұйрығына сәйкес, Аи-92/93 бензин бағасының литрі 109 теңгегеге арзандады.
«2014 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісілген «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 229 бұйрығына қол қойылды», делінген хабарламада.Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 193 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілді:«1 тармақтағы: «115» саны «109» санымен ауыстырылсын»».Сонымен, 30.12.2014 жылғы №229 Бұйрыққа сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары қосымша құн салығын қоса есептегенде келесіні құрайды:
Дизель отыны |
– 107 теңге/литр. |
Аи-80 |
– 89 теңге/литр. |
Аи-92/93 |
– 109 теңге литр. |