Төбетке талана жаздадым
Редакциямызға қаншама оқырмандарымыз хабарласып, мұң-мұқтажын айтып көмек сұрайды. Сондай бір сәтте асай-мүсейімізді асынып, Қостанай ауданының Майкөл ауылына бармаймыз ба?! Хабарласқан Дүйсен деген кісіні ұшырастырып, келген мәселені зерттеуге кірістік. Ауылдасы, қиыншылығына себепкер болған адамынан түсініктеме алуға бар-ғанда:
– Кетіңдер! Үйімнен жоғалыңдар! – деп әлгі адамы әй-шәй жоқ тарпа бас салды бізге. Біз "ой, ағасы, сабыр, сабыр!" деп тыныштандырмақ болғанда:
– Қазір кетпесеңдер, итіме талатып өлтіремін! Табаныңды жалтыратыңдар! – деп қарғы байланған абалақ төбетіне тұра жүгірді. "Қой, құрысын! Мынау есі дұрыс адамның санатынан емес қой. Келесіде поли- циямен келейік!" деп жанұшыра қаша жөнелдік.
Міне, биылғы жылы біздің бас-тан осындай жайттар өтті. Иә, журналистің өмірі қым-қиғаш қой. Кезінде Сейіт Кенжеахметұлының айтқаны бар еді: "Журналист болғаның – бақытың да әрі сорың да" дегені. Сол рас-ау!
Нұрболат Мешітбаев