Мезгілсіз “махаббат”

Жазға салым редакцияға бір оқырманымыз хабарласты. Жасы сексенді алқымдаған қостанайлық Жақабай Әлімов есімді қария екен. Өзі "Тобыл" футбол командасының белді жанкүйері. Ақсақал аты-жөнімді сұрап, біраз тергеп алған соң бірден "іске көшті":
Алибек Ибраев– Қарағым, "Тобыл" командасының өз алаңындағы, сырттағы кездесулерін турнир кестесімен қоса жариялап тұратын едіңіздер. 28-ші маусымнан бері соның бір хабарын біле алмай отырғаным. Жалғыз ермегім –газет. Бірақ, оның беттерінен де соңғы кездері футбол кездесулерінің нәтижелері туралы бір ауыз сөз жоқ.       
Негізі, ол кісінің айтып отырғаны шындық.  Өзіміз де қостанайлық командаға тілеулес болғандықтан,  оның кей нәтижелеріне көңіліміз толмайтыны бар. Сондықтан,  тең ойын мен жеңілістен көз ашпай, жүздеген жанкүйерлерін жерге қаратқан команданың сүреңсіз ойынын газетке тықпалай беруге "ұялып" жүргенмін.  Бірақ, "Тобылдың" әр қадамын жіті қадағалап отыратындардың арасында үлкен кісілердің де барлығын ескеріп, көп ұзамай ақсақалдың уәжімен санасуға тура келді. Спорт дегеннің өзі де сиқыр тәрізді дүние ғой, кейде өзіне қалай  баурап алғанын сезбей де қаласың.  Сөйтіп, ақсақалдың бір ауыз сөзі менің  "Тобылға" деген   "махаббатымды" қайта оятты.
 
Айбек Кәдірұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓