Профилактория тұрғын үйге айналмақ
Лисаков қаласындағы 2-ші шағынаудан №13 үйде орналасқан бұрынғы профилактория ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 75 пәтерлі тұрғын үйге айналмақ.
«Kazagrodevelopment» ЖШС-тің иелігіндегі бұл нысан 10 жылдан бері қаңырап бос тұрған еді. Серіктестіктің мамандары техникалық тексеруден өткен ғимаратты 2015 жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бір шаршы метрі 95 мың теңгені құрайтын бұл тұрғын үйдің іші мен сырты жөнделіп қана қоймай, оның айналасы да абаттандырылып, жаңа балалар алаңы салынбақ. Осылайша әсем шаһардың көркін бұзып тұрған тағы бір ғимаратта 75 отбасы қоныс тойын тойлатын болады.
Қуаныш Сейдоллаұлы