Жат ағымнан сақтан!
Қамысты. Діни мәселелер жөніндегі облыстық үгіт-насихат топ өкілдері ауданда болып, жергілікті ұстаздар қауымы және жастармен кездесті. Негізгі тақырып – қауіпті экстремистік және террористік ұйымдардың қызметі, деструктивтік діни ағымдар мен секталар мен олардан қорғанудың тәсілдері жөнінде өрбіді. Насихат мүшелері жастардың жат ағымның жетегіне жібермеу мақсатында қадағалауды күшейту қажеттігін жеткізді.