«Әр балаға бақытты балалық шақ!»

Жаздың бірінші күніне сәйкес келетін балалар күні ежелгі халықаралық мерекелердің бірі және бүкіл әлемде тойланады. Бұл мереке еліміздің болашағы – жас ұрпақты сүюге, қамқорлық көрсетуге және қорғауға шақырады. Науырзым ауданында ерекше балаларға арналған мереке биыл мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының Науырзым аудандық филиалы және Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шара Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында өтті. Балаларға мұражайда экскурсия (Визит орталығы) және қорықтың табиғи аймақтарына серуен өткізді. Осы айтулы күні Науырзым ауданының әкімі Қ.Әбішев және аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Әбенова ерекше балаларды мерекемен құттықтады. Аудандағы көшбасшы әйелдер клубы да балаларға сыйлықтар сыйлады. Мұның бәрі де әр балаға шат-шадыман көңіл сыйлады. Оларды біз қашанда қорғап, аялап жүруіміз керек.
А.ӘБДІЛДА.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓