Оқушылар астан уланды
Облыс орталығындағы қазақ-түрік лицейінде оқып жатқан балалар астан уланған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары санитарлық эпидемиологиялық ережелерді бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш департаменттің баспасөз өкілінің мәлімдеуінше, осы уақытта астан уланған 6 оқушы ауруханаға жатқызылып, біреуі дәрігерлердің тексерісінен соң үйіне жіберілді. Зардап шеккендер 7-10 сынып оқушылары болып отыр. Оқиға болған жерде тәртіп сақшылары мен санитарлық эпидемиологиялық сала мамандары жұмыс істеуде . Сондай-ақ, мектеп асханасынан бірнеше сынамалар алу да белгіленген .
Мешіт Ғазиз