Көздің сұғы

Ayazbekov_2_1Жүріс-тұрысы сыпайы, қағы-лез  де елгезек, сымбаты келіскен Гүлім аяқ астынан көз жұмды.  Астанадағы елдік көрмеден оралған күні кешкілік бала-шағасымен дидарласып, ас ішіп болған соң залдағы диванда теледидар көріп отырған күйі жү-ріп  кетіпті. Дәрігерлер ешқандай сырқаттың да, сырт күштің де әсерін таппаған. Білетіндер  түкке түсінбей аң-таң. Тек  бірге  жүрген сырлас құрбысы ғана Астанада сол күні қатарынан  жеті рет топ алдына шығып сөз сөйлеп, жұрт назарын өзіне аударғанын, әсіресе  қою қалың түкті қастарының арасы қосылып кеткен, көз қарашығы қүң-гірт қою бір әйел үнемі алдыңғы қатарда отырғанын айтты. Со-ның көзі тиді-ау, "маған көз қарасы ұнамап еді", – дейді.
Аулымызда жылқышы  Тіле-містің "Керқасқа" деген  күшті де айлакер көкпар аты  бар еді. Қай көкпарға барса да керқасқа топ жарып олжасыз қайтпайтын.  Бірде көкпардан келген күннің ертеңіне орнынан тұра алмай жатып қалды. Мал дәрігері ем-дом жасады, бірақ тұрмады. Көрші ауылдағы атақты Кершабақ  тәуіпті шақыртып қаратты. Ол кісі көрген жерден: "көз тиген, арам өлмей тұрғанда сойып  алыңдар", – дейді. Айтқандай-ақ, көкпар атын сойғанда бауырынан тайға салғандай  көз таңбасын көрген жұрт өз көздеріне өздері сенбей  қатты таңғалыпты.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: "Көз тию – хақ" деген. Себебі, сол заманда бір қарағанда кетіп бара жатқан атан түйені сұлатып салған баланың көз тигізетін құдіретін көріп, оны дұш-пандары пайғамбарымызды өлтіруге жұмсаған.  Бірақ жарат-қан иеміз бұл қатерден аман алып қалса керек. "Тілдінің тілінен сақта, көздінің көзінен сақта" деген тегін айтылмағанына дәлел көп.
Ежелгі египеттіктер көз тию мен тіл-сұқтың  кесірлі магиясынан өте қатты сеніп, одан қорға-нудың  амал-айларын  ойлап  тапқан. Алуан-түрлі көз бояулар, опа-далаптар жасап, кеңінен қолданған, әлі де солай. Опа-далап мысырлықтарда сұ-лулық-сән де, қатер-кесапаттан сақтану да.            .
"Наурызбай-Қаншайым" жыр-дастанында: "Кісі еді назар керде Кенесары, көзінің қарағанда өтті зәрі" деген жолдар бар. Хан Кененің көз алмасы жарқ еткенде,  өткір қылышпен кесіп түскендей әсер қалдырады екен. Кенесарының маңайындағы арам пиғылды адамдар ханның көз сұғына душар болса,  аман қалмай, өліп қалатын болған. Бұдан бөлек тіпті көркем сұлу, түр-тұлғалылар ханның көзіне түспеуге тырысса, ханның өзі де  ондай жандарға қадала қараудан, тіпті өзінен-өзі сескенеді екен дейді аңыз әңгімелерде.
Қазақ "Тіл – сұқ тас жарып шығады" дейді. Алдымен кісі үс-тіндегі бөзі мен сөйлеген сөзіне қарағаны жөн-ау. Бүгінде әйелдердің дені омырауын  ашып жүреді. Ғалымдар әйелдердегі омырау обырының бір себебі,  кеуденің шектен тыс  ашық-ша-шық болуынан, сыртқы әсерден қорғанбауынан деп те түсіндіріп жүр. Бұрын әжелеріміз қыздың омырауын қымтап,  жас анаға кимешек кигізеті – әдеп-иба  әрі қорғаныш  болатын.  Құранда да әйел омырауының жабық болғанын ескертеді. Ал сәбилерді елге көрсетер кезінде маңдайына күйе жағатыны, жаңа түскен келіннің, жаңа туған сәбидің киіміне көз тимесін деген ырыммен көз моншақтар тағып қоятын болған.  Ғалымдар шынайы көз моншақтардың қорғау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Олар мұхит-теңіздің, өзен-көлдің  жағаға шыққан тас-тарынан жасағанды жөн көреді. Ол тастарда ақ дақтар  көз сұғынан сақтайтын қасиет барын растайды. Мұны әрине, халық ежелден білгендіктен әр елде әлі күнге  дейін қолданып келеді.  Қазақ жиын, ас, тойларда жыққан палуанды, немесе жүйрік атты  жұрт көзінен тасалап көп көрсетпеуге тырысады.
Айтайын дегеніміз, күнделік-ті тіршілікте мына заманның ду-дуымен қарапайым адамға қажетті қарапайым ғадет-ғұрыпты, ырым-тиымға мән бермей, шектен тыс әлем-жәлем болып кеткендейміз. Тіпті адам өз қасиеті-нен өзі қымсынбай, сескенбей, тіпті оны пайда көзіне айналдырып, мазаққа  ұшыратып жіберген сияқты…
Жанұзақ Аязбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓