Бас мемлекеттік санитар: Дауыс беруге бала ертіп келмеңіздер

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов сайлау процесінде коронавирус инфекциясынан сақтану алгоритмін түсіндірді.

«Бүгін азаматтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беруде. Сайлау барысында Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен бекітілген коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу алгоритмі сақталуы керек. Алгоритмде COVID-19 инфекциясының таралуын шектеу жолдары қарастырылған. Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыруда, сайлау учаскесінде дауыс беру процесінде, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру барысында, сайлау учаскесінде дауыстарды санағанда, бақылаушылар мен сенімді тұлғаларға қойылатын талап әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру барысында сайлау комиссияларының мүшелері, байқаушылар, сенім білдірілген тұлғалар учаскеде маска режимін сақтауы, 3 сағат сайын масканы ауыстырып отыруы қажет. Қолмен амандасуға, келген адамдармен жақын байланысуға болмайды. Сайлау өтетін жерді жиі тазалап отыру керек. Жиһаздар 1,5-2 метр арақашықта орналастырылғаны жөн.

«Сайлау учаскесіне келген сайлаушыда медициналық немесе қорғаныш маска, антисептикалық зат болуы қажет. Бюллетень алғанда жеке басты куәландыратын құжатты комиссия мүшесінің қолына бермей ашып көрсету керек. Мүмкіндік болса сайлауға өз қаламыңызбен келген дұрыс немесе болмаған жағдайда сайлау комиссиясы сізге қалам береді. Дауыс беруге бала ертіп келуге тыйым салынады», – деді Ерлан Қиясов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓