Қойдың емдiк қасиеттерi

Қой-54913Терiге түсiру – қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс "терiге түсiру" деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.
Қой құйрығы – жөтелдi басып қақырықты түсiредi. Тұ-маудан кейiнгi созылмалы жө-телге құйрық майды ыстық сүт-ке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.
Қойдың жыны – буын, тiзе сырқырағанда, қолданады. Жа-ңа сойылған қойдың қарнын жынымен  қоса  алып,  оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын  тiлiп, науқастың екi ая-ғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай  бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.
Қойдың өкпесi – жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұ-мысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады. Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көк-бауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.
Қойдың қарны – асқазан, iшек жолдарының дертiне, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.
Науқас адамның екi аяғын көсiлтiп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семiз қойдың қарнын жылы күйiнде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Бiраздан соң науқас ағыл-тегiл терлейдi. Терi қалмас үшiн екi-үш сағаттан соң киiмiн ауыстыру қажет. Бұдан кейiн де бiрнеше күн сорпа iшiп күтiнген жөн.
Қой өтi – шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады.  Шашты  тақырлап  алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейiн бөртпенiң бетiн су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.
Қойдың жiлiк майы – туберкулезбен ауырған әлсiз адамдар, жиi ауыратын жас балалар жесе, мың да бiр дауа.
Жаңа сойылған қой етi – жұқалап тiлiп, жығылғанда пайда болған iсiкке тағып тастаса, iсiк тез қайтады әрi жара iрiң-демейдi. Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.
Қойдың етiн күйдiрiп, күлiн сiрке суына езiп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанын басады.
Етi сылынып алынған қой-дың сүйегiн шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мөшел балаға үнемi iшкiзсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бiтуiне де көмектеседi.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓