Теңгемен салынған депозиттер 14 пайызға дейін өседі
Теңгемен салынған депозиттердің жылдық мөлшерлемесі 1-ақпаннан бастап өседі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі. Қазір валюта айырбастау орындары долларды 393 теңгеден сатып жатыр.2016 жылдың 1 ақпанынан бастап теңгемен салынған депозиттердің жылдық өсімі 10-нан 14 пайызға дейін өседі, ал шетел валютасында 3-тен 2 пайызға дейін төмендейді, – деп хабарлайды ақпарат көздеріне ҚР Ұлттық банкі.
"Ұлттық валютамен ашылатын салымдардың тартымдылығын арттыру, сонымен қатар, инфляцияның өскен деңгейін жабуды қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың теңгемен жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі 10-нан 14 пайызға дейін өседі, ал шетел валютасында 3-тен 2 пайызға дейін төмендейді", – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл шешімді "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-тың директорлар кеңесі қабылдады.