ҒАБИТ – “Қостанай қыраны”!

Жарыстың соңғы күні боз кілемге кілең мықтылар шықты. Бірінен-бірі асқан палуандардың арасынан Жанкелдин ауданынан келген Ғабит Балғынбаевтың аты озды. Ол ақтық сында Максим Твердохлебовты айқын басымдықпен ұтып, "Алтын белбеудің" иесі атанды. Сөйтіп, "Қостанай қыраны" атанған торғайлық палуанға 500 мың теңге табыс етілді. Енді Ғабит Балғынбаев 6 шілдеде Астанада өтетін "Қазақстан барысы" турнирінде облыс намысын қорғайтын болады.
Әлібек
ЫБЫРАЙ
Суретте: "Қостанай қыраны" турнирінің жеңімпазы жанкелдиндік Ғабит Балғынбаев.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.