Жұмасқалиевтің жейдесі 35 мың теңгеге сатылды
"Тобыл" футбол клубы 6-шы қайырымдылық аукционынын өткізді. Олар "Жизнь на ладони" қайырымдылық жобасы арқылы 14 жасар сырқат қыздың еміне ақша жинау үшін, сондай-ақ клубтың 50 жылдық мерейтойына орай жергілікті футболшылардың өткен маусымда киген спорттық жейдесін бәссаудаға қойған болатын. Бас-аяғы 10 футболка сатылып, 107 мың теңге ақша жиналды.




