Жол апаты жауапсыздықтың кесірінен

 
Аудандық ішкі істер бөлімінің дерегіне сүйенсек жол апатының 80 пайызына көлік жүргізушілер кінәлі. Бірі ішімдік ішіп мас күйінде көлік жүргізсе, екіншісі жылдамдықты шамадан тыс асырудың салдарынан жол апаты оқиғасына душар болады.
“Ауырып ем іздегенше – ауырмаудың жолын ізде”. Осыған орай Н.Иванов атындағы орта мектепте  аудан әкімнің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің құқықтық мәселе жөніндегі кеңесшісі Қ.Кәдірментаев, Торғай ауылының әкімі Ғ.Сүндетбаев, аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасарының міндетін атқарушы А.Тұрматов, ішкі істер бөлімінің әкімшілік бөлімшесінің жол және техника инспекция тобының полиция аға лейтенанты Ж.Қожабеков жүргізушілердің басын қосып, жол қауіпсіздігі бағытындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың жол полициясы қызметкерлеріне деген сенімін нығайту, оң имиджін қалыптастыру мақсатында жиын өткізді.
DSCF1186Жалпы аудан бойынша 10 айдың қорытындысымен жол апатынан 8 адам қайтыс болған. Оның сыртында дене жарақатын алғандар қаншама.
Жол полициясы қызметкері Жасұлан Манатұлы жиналған көлік жүргізушілерге жауапсыздықтың салдарынан жолдарда орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары жөніндегі мәліметтерге кеңінен тоқталды.
“Жол апатына жылдамдықты шектен тыс арттыру, жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы, жолдың қарсы бетіне шығып кету және басқа да ереже сақтамау фактілері себеп болуда. Барлығы азаматтардың санасына және олардың жол қауіпсіздігі ережесін сақтауына байланысты. Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің алдына қойған тапсырмасын орындау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол жүру ережесіне жүрдім-бардым қараған жауапсыз жүргізушілерге түрлі шара қолданып, айыпұл салу керек”, – дейді Алмас Тұрматов.
Сонымен қатар жиын барысында жол ережелерін сақтап, қырағылық таныту керектігі де сөз болды.
 
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓