Бастамашыл жастар бас қосты
Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда облыстық ішкі саясат басқармасының «Облыстың оңтүстік өңірінде ауылдық ҮЕҰ қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында «Оңтүстік өңір ауылдық ҮЕҰ жұмыстарын үйлестіру» тақырыбында конференция болып өтті.
Оған Жанкелдин, Аманкелді аудандары және Арқалық қаласына қарасты ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтар, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Пленарлық мәжілісте Арқалық қаласы және Аманкелді аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары М. Айтмағанбетова мен Н. Тәжин құттықтау сөз сөйлеп, Арқалық қалалық «Іскер жастар кеңесі», Жанкелдин аудандық «Жалын» жастар, «Аманкелді аудандық жастар кеңесі» ҚБ басшылары А. Ахметжанов, Г. Раисова, Н. Игіліковтердің ҮЕҰ – дың жыл ішінде атқарған жұмыстары жайлы баяндамалары тыңдалды.
Одан әрі конференцияның күн тәртібіне сай «Ауыл жастарының белсенділігін арттыруда ҮЕҰ ролі», «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қарым қатынасын дамыту» секциялық жұмыстары көрініс тапты.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы