Жүлдемен оралды

Рудныйлық жас таэквондошылар Шу қаласында өткен республикалық турнирден жүлдемен оралды.
taekvondo_na_sajtХалық батыры Қайрат Рысқұлбековтың құрметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Таэквондо Федерациясының құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 450-ден астап спортшы қатысты. Турнирдың бас төрешісі Қостанай облысының таэквондо спорты бойынша аға бапкері, 4-ші дан иегері Ахтам Одилов болды. Спортта «бақ шаппайды, бап шабады» демекші тартысты өткен додада жерлестеріміз бар күшін салып, облыстың намысын абыроймен қорғап қайтты. Олар: Ксения Гильд (48 кг салмақта 1-орын), Магди Ерғалиев (20 кг-ға дейінгі салмақта 2-орын), Диана Мұқатова (35 кг-ға дейінгі салмақта 2-орын), Айсұлу Жаңбырбаева (38 кг-ға дейінгі салмақта 3-орын), Диана Әлімжанова (38 кг салмақта 3-орын), Степан Сметанин (22 кг-ға дейінгі салмақта 3-орын), Иосиф Бессмертный (30 кг-ға дейінгі салмақта 3-орын), Санан Құрбанов (45 кг-ға дейінгі салмақта 3-орын).
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓