Темір тордың ар жағындағы бір күн
Өткен аптаның демалыс күні әдеттегідей УК 161/1 колониясында ашық есік күні өтті. Бұл күнді асыға күткен туған-туыс демалыс күні таңертеңнен мекеме қақпасының алдында жиыла бастады.
Олар өздерімен ала келген сәлем-сауқаттарын бақылау-өткізу пунктіне тексертіп алып, кіріп жатты. Тағдыр тәлкегімен тура жолдан тайып, ауыр жазаны мойнына арқалаған болса да, ата-ана, ағайын-туыс үшін ол әрқашан бала, бауыр болып қала бермек.
Алғашында олардың жаза бас-қанына ренжіген туыстар уақыт өте келе барлығын да кешіретін тәрізді. Әрқайсысы өз туыстарын көріп, шер тарқасып, көздеріне жас алып жатты.
Осы бір көрініс сырт көзбен қа-рап тұрған жанды да тебірентпей қоймайды. Көбінесе келіп жатқандар жазасын өтеп жатқандардың ағайын-туыстары, жұбайлары, аналары мен апа-қарындастары мен балалары.
Мекеме әкімшілігі екі сағаттың ішінде келген қонақтарды мекеме аумағындағы жатын орын, асхана, дүкен, олардың бос уақыттарын өткізетін кітапханамен таныстырды
– Ашық есік күнін өткізудің басты мақсаты – жазасын өтеушілердың туғандарының арасында туыстық қарым-қатынасты сақтау, оларды бостандықта күтіп жүрген жақындарының бар екенін көрсетіп, көңілдеріне сенім ұялату, – дейді УК 161/1 түзету мекемесінің баспасөз хатшысы Динара Молдабаева, – Осында жазасын өтеп жатқандардың барлығы да бірінші рет сотталғандар. Сондықтан қоғамға толыққанды азамат болып оралуларына үміт бар?
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ