Ел біріншілігінің 28 турында қостанайлық "Тобыл" талдықорғандық "Жетісуды" қабылдады. Ойынның 90-шы минутына дейін тең ойнаған қарсыластар мықтыны тек соңғы минутта ғана анықтады. Кейінгі уақытта нағыз бабында жүрген Сергей Хижниченко қостанайлық ұжымға тамаша жеңіс сыйлады.