Мақсұт ДОСБОЛОВ, Рудный қаласы әкімінің орынбасары:

Максут ДосболовҚай уақытта болмасын газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Себебі елде болып  жатқан игі жаңалықтармен бөлісу, өзекті мәселеге құлақ түріп, оқшау ой айту – газеттің еншісінде. Осы тұрғыдан алғанда "Қостанай таңы" газетінің алар орны бір төбе. Өз басым Тобыл өңірінің тыныс-тіршілігімен дәл осы басылым арқылы танысамын. Халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтейтін "Қостанай таңы" газетінің бүгінгі бет-бейнесіне ризамын. Заманның ағымына сай газеттің қатталуы мен жаңа сайты – оқырмандарды өзіне баурап алатыны сөзсіз. Мемлекеттік тіліміздің кең өріс жайып дамуына бірден бір үлес қосатын құрал – газет. Сондықтан газетке жаппай жазылып, қолдау көрсету – мемлекеттік тілімізге қолдау көрсетумен пара-пар. Газеттің Рудный қаласындағы күндері баршамызға зор табыс әкеліп, екі жақты байланысымыз одан әрі кеңейе түссе деген тілек бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓