Аудан даму даңғылында
Бүгін Бейімбет Майлин ауданының жыл басына бергі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов брифингте баяндап берді.
Аудан өнеркәсіптік өндіріс саласында облыста үздік үштікті түйіндеп тұр. Биыл 172 млрд теңгеге өнім өндірілген. Бұл 2021 жылғы деңгейден 12% – ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 30,5 млрд теңгеге тең болды. Құрылысқа 19,9 млрд теңге құйылған. 1903 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Бөлшек сауда көлемі 2,3 млрд теңгеден асқан.
Мемлекеттік бюджетке 13,3 млрд теңге, оның ішінде аудандық бюджетке 3 млрд теңге түскен. Өткен жылмен салыстырғанда аудандық қазына түсімдерінің өсімі 16%-ға артып, 410 млн теңгеге тең болды.
Осы жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 69 отбасы, нақтысында 314 адам қамтылған. Есепті кезеңде көмектің осы түріне 26 млн теңге жұмсалған (2021 жылы – 26,2 млн теңге).
"Халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспар 100% орындалды, жұмыспен қамту шараларымен 920 адам қамтылды. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,7% (2020 жылы–0,8%). Жұмыссыз ретінде 107 адам тіркелген (2021 жылғы 1 желтоқсанда -123 адам),", – деді аудан әкімі.
Биыл алпы сомасы 150 млн теңгеге екі инвестициялық жоба пайдалануға беріген. Красносельский ауылында су құбыры мен тарату желілерінің құрылысы жалғасуда. Оған 2022 жылы 472 млн теңге бөлініпті және Майский ауылында 941 млн теңгеге су құбырын жаңарту жұмыстары басталды.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимараты 572 млн теңгеге және Елизавета фельдшерлік-акушерлік пункті 52,6 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Аудан орталығында үш көше 49 млн теңгеге жөнделді. 576,3 млн теңгеге ұзындығы 12,6 шақырым болатын «Тобыл-Новоильинов-Павлов-Апанов-Евгенов» аудандық маңызы бар жол учаскесін орташа жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Бұл жоба екі жылға есептелген.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.