6,5 мың адам ақпарат алды
Құрамы мемлекеттік мекеме қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары және қоғам қайраткерлерінен жасақталған Сарыкөл аудандық ақпараттық-насихат тобы жемісті жұмыс жасауда. Бүгінде олар халықты ақпарат-насихатпен қамтамасыз етіп келеді.
Бар жұмыстарын аудан басшысының бекіткен жоспарына сай, ішкі саясат бөлімі арқылы жүзеге асыратын бұл топ қазір "Нұрлы жол – болашақа бастар жол" атты Жолдауындағы барлық бағыттар бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Онымен 30-дан астам адам айналысуда. Айталық, Елбасының Жолдауын түсіндіру жұмыстары осы уақытқа дейін Сарыкөл, Барвин, Маяк, Севастополь, Сорочин ауылдарында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, өңірдегі жалпы білім беретін мекемелерде де белсенді түрде өтті.
Ағымдағы жылдың дәл осы уақытына дейін Сарыкөл ауданында барлығы 38 жүздесу жүзеге асырылып, солардың 10-нан астамы ақпараттық насихат тобы мүшелерінің қатысуымен болды. Жалпы, кездесулер аясында 6,5 мың адам ақпаратпен қамтылды, яғни, аудан тұрғындарының 50% құрайды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.