«Атамекен» дәстүрге айналмақ
Рудный қалалық «Орбита» ойын-сауық орталығында «Атамекен» патриоттық әндер конкурсы өтті.
Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған шараға 100-ден астам үміткерден іріктелініп алынған 34 өнерпаз қатысты. Олар сахнада халқымыздың жүрегінен ойып тұрып орын алған «Атамекен», «Қазақ елі осындай», «Жаса, Қазақстан», «Елімнің жүрегі – Астана», «Сәлем саған, туған ел» сияқты патриоттық әндерді шырқап, мереке көркін қыздыра түсті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 6-16 жас аралығындағы және 16 жастан кейінгі екі топ бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылар конкурсты дәстүрге айналдырып, әр жылы Тәуелсіздік мерекесінде өткізіп тұруды қолға алып отырғанын айта кеткен жөн.
Қуаныш Есқабыл