Тәуелсіздік еркіндігі елімнің
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Арқалық қалалық ішкі істер басқармасында салтанатты жиын өтті.


Мерекелік құрметтен ішкі істер органдарының ардагерлері де шет қалған жоқ. Тағылымды шараның төрінен орын алған басқарманың ардагерлер кеңесінің мүшесі Совет Құсманұлы ізбасарларын мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жолында аянбай еңбек ете беруге шақырды.
Салтанатты шара соңы әдеттегідей ән – жырға ұласып, тәртіп сақшылары көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы