Жастар жолдауды талқылады
Тобыл кентінің кәсіптік-техникалық колледжінде Ел Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Оған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төленді Ибрашев пен аудандық мәслихат депутаты Ирина Сероус та қатысып, стратегиялық құжаттың негізгі 7 бағытындағы қарастырылған мәселелерді жіпке тізіп берді. Қонақтар Жолдауды табысты жүзеге асыруда жастардың рөлі орасан зор екенін, сондықтан алған білімді ел игіліне ақылмен жұмсау қажеттігін атап өтті. Шара барысында жастар да өз ойларын ортаға салып, мемлекетіміздің өркендеп дамуына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.
Қуаныш Сейдоллаұлы