Қайырымдылық – игі іс


Бұл акцияға өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің де атсалысқандығын ерекше айта кеткеніміз жөн. Олар облыста алғаш рет осындай отбасылық үйдің құрылысы басталатындығы жайлы жазылған мыңдаған үнпарақтарды банктерге, сауда орталықтарына, дәріханаларға және басқа да мекемелер мен ұйымдарға
таратқан болатын. Міне, «көп түкірсе, көл» дегендей, көпшіліктің, жаны жомарт жандардың арқасында осыншама қаражат жиналып, осы игі іс басталған еді. Енді, соның жалғасы ретінде әрі тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық балалар шығармашылығы үйінде Қостанай педагогикалық колледжіндегі вокалдық студияның жетекшісі Ф.Калугиннің қатысуымен қайырымдылық концерт өтті. Шараны ұйымдастыруға облыстық білім басқармасы, «Қостанай облысының білім және ғылым қызметкелерінің кәсіподағы» қоғамдық қорының мен «Учительская» газеті мұрындық болды.

Қарлығаш Оспанова