Балалар жазым бола жаздады
Кеше түнде Рудный қаласындағы Парковая көшесінде орналасқан 5 қабатты үйде өрт болды.

Сондай-ақ, улы түтіннің тез жайылуына байланысты жоғарғы
қабаттағы тұрғындар өміріне де қауіп төнді. Өрт сөндірушілердің ширақ іс қимылының арқасында 5-ші қабаттағы пәтерде тұратын 4 адам құтқарылды. Олардың ішінде 3 және 11 жасар екі бала бар. Оның біреуін өрт сатылы көлігімен сыртқа шығарды. Өрт шыққан подъезден 22 адам қауіпсіз жерге көшірді.


Мешіт Ғазиз