Мақсат – діни сауаттылықты арттыру
Әулиекөл ауданындағы Әмит ишан атындағы мешіттің бас имамы Нұрбол қажы Балахметов аудан орталығындағы және Аманқарағай ауылындағы мектептерде болып, оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ұстаздар мен оқушылар да өздерін толғандырған түрлі діни сауалдарға тұщымды жауап алды. Басқосу соңында бас имам жиналғандарға қандай да бір сұрақ туындай қалса, мешітке де келіп, сауалдарына жауап алуға болатындығын жеткізді.
Қарлығаш Оспанова