Әріптесіміз байқау номинациясын иеленді
Қала арулары арасында «Қостанай этно аруы» байқауы жарияланған болатын. Тәуелсіздік күні қарсаңында аталған байқаудың қорытындысы шығарылды. Түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан байқау әр номинация бойынша жүлделерді анықтады. Дауыс беру нәтижесінде екі жүзден астам халықтың қолдауына ие болған Евгения Шпарковская "2014 жылдың этно аруы" атанды. Байқауға қатысқан әріптесіміз Индира Қанатбайқызы «Мисс экзотика» номинациясын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, тек сәттілік тілейміз!