Жер бедері тартқан сыр
(Жалғасы. Басы өткен сандарда).
Дәмолла, Кәтен, Салық, Қазырет, Торғайға жерленсе, Оспан Қожа "Теке" діңіне, Әлма-ғанбет "Әулиекөлге", Жүзбай қажы – Сырлытамға, Таласпай – Торғайға, Баймағанбет әулие – "Тобылғы түбекке", Күміс-бай әулие – Құмкешуге, Құтан әулие – Қарынсалды бойына, Сатыбалды, Файзолла ишан – Аманкелдіге, Омар кәлпе – Амангелдіге, Қойлыбай бақсы – Дулығалыға, Баубек бақсы – Созаққа, Құлкей қажы – Құмкешуге, Әжібай әулие – Ырғызға, Ғазиз қажы – Тор-ғайға жерленді.
Кеңес үкіметі заманында бұл кісілердің аттары аталмады. Та-рихи жер-су атаулары өзгеріске ұшырады. Мешіт, медіреселерге көптеген жауыздық жасалды. Ду-лығалыдағы Құлмұханбет иман мешітін құлатқан 2 адам өліп, Әбдірахман ишанды қорлаған Ақтөбенің милиция бастығы аузы, басы қисайып өлсе, Саты-балды ишан кесенесінің айын жұламын деген Шада дегеннің аузы қисайып кеткен.
"Тентек" өзені бойындағы Жанбосын мешітін қойды крео-линге тоғытатын қора жасады. Құмкешудегі Құлкей қажы ме-шітін бұзған шешендер кенеттен жаппай ауырып, біреуі өлген. Жыланшық бойындағы Жүзбай қажы мешітін тонағандар ұрпақ-сыз қалды. Әмір Әбдіғапардың әкесі Жанбосынның "Көкөлең-дегі" мешітін маңайындағы мал-шы-шопан пеш кірпішке бұзу-мен құртты.
1920 жылдарда соғыстан же-ңіліп Қытайға қашқан Анненков пен Дутовтың әскерлері осы Торғай өзені бойымен шығысқа қарай қашып бара жатып жол бойында кездескен елді тонап, өлтіріп, әйелдерін зорлап жауыз-дық жасаған. Ауылдар қашып сай-саланы, тау-тасты паналаған. Жер жерде оларға қарсы парти-зандық соғыс жүрген. Сол жер-лер: "Қамысбай қырғыны", "Орыс өлген көл", "Сарыбел шайқасы", "Ханшабылған қырғыны", "Мая-тастағы тосқауыл", "Амантоғай-дағы қырғын", "Шабылған Қа-рынсалды" деп аталады. Бұл жа-сақтарға басшылық жасағандар: Тойшыбек, Әлжан, Әлтай, Жүр-гінбек, Ахмет, т.б. Осындағы Тойшыбек Төлек Жәуке батыр-дың немересі Орманбектің бел баласы 1929 жылы кеңес үкіметі зорлығына шыдамай "Батпақ-қара" көтерілісіне қатысып түрмеге қамалған.
Бірге ұсталған құран қари Файзолла ишан Сатыбалдыұлы Тойшыбекке:
Тойшеке қатарыңнан
асып тудың,
Атаңның ер Жәукедей
жолын қудың.
Келгенде 60 жасқа
бай-құлақ боп,
Бейнетке бекем енді
белді будың
деп ұзақ өлең шығарған.
1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің хас баты-ры Кейкі Көкембайұлы 1920 жылдары кеңестік жүйенің әді-летсіздігіне қарсы шығып соғыса жүріп, алғашқыда Қарынсалды, Тасты өзені бойын, кейін Ұлытау аймағына ауысқан. Ұлытау, Арғанаты, Кішітау, Шеңбер, Терісаққан, Сарлық, Жетіқыз, Байтілеу, Маятас, Сарыторғай, Қараторғай өзенінің аңғарларын паналаған. Шеңбер ауылынан 10 шақырым Қараторғай өзенінің солтүстік бетіндегі үлкен жар таста Кейкі үңгірі тұр.
Қәзір 90 жылдан асқан ба-тырға пана болған орынға халық арнап барады. Басына ескерткіш белгі қойды. Жезқазғандық ақын Мұқаш Сейтқазиннің Кейкі үңгірі атты өлеңінің бір шумағы еске түседі.
Ел едік қой батыр ортақ дейтұғын,
Ерлер өткен елдің қамын жейтұғын.
Ей жолаушы аттан түсіп тағзым ет,
Үңгірі ғой, көкжал қыпшақ Кейкінің.
Жезқазғандықтар Қорғасын орта мектебінің атын Кейкіге берді. Қаладан батырға көше атын берді. Көрші ағайын ұмыт бола бастаған атауларды қалпына келтіре бастады. Кеңес заманын-да бұрынғы Жыланшық – Родник, Қабырға – Крупский, Үрпек – Иманов, Збан – Южный болып өзгерсе тәуелсіздік жылуы көп-теген тарихи атауларды қай-тарды. Ерте заманнан тарихи атын жоймай келе жатқан жер аттары бар. Солардың бірі Тор-ғай қақпасындағы "Атанбас ақ ирек". Торғай жақтан жер беті тегіс болып келеді де "Тегене" сайына жақындағанда жер тік жарланып ар жағы терең ойпат болып аппақ тарам-тарам ирек-ирек болып 200-300 метрдей ойысқа айналады. Сол жерде жолдың оң жағында көз көрім жерде шөгіп жатқан ақ атандай алып қырат көрінеді. Атанның басы ерекше көрініп тұр. Содан барып осы жер Атанбас, ақ ирек атанған.
Жыланшық өзенінің арғы бе-тінде 25 шақырым жерде "Жор-ғакөл" атты көл бар. Көлемі ат шаптырым суы таяз, көл табаны теп-тегіс. Жел қай жақтан соқ-са, көл суы соның ығына жи-налады. Көл үнемі жел екпінімен қозғалып тұрады. Содан Жорғакөл атанған.
Жыланшықта "Ержылан" деген жер бар. Биік ақша таулар саласы. Ерте заманнан осы жерді ордалы жылан мекндеп таңертең шұбырып Жыланшыққа келіп суға шомылып, кеште кері қайтып отырған. Алдында жеке басшы жылан болған. Осы жерді халық Ер жылан деп атайды.
– Жыланшықта Түрме деген жер бар. Түрме, кейде Ажықабай түрмесі деп атайды. Дұрысы Ажықабай емес. Ажық, Қабай деген екі адам аты. Осы батыстан шығысқа қарай түрілген қырат-тың биіктігі 200-300 метр. Ал ұзындығы 150 шақырым. Жы-ланшық өзенінен басталған үстүрт осы аймаққа келіп тіреледі.
(Жалғасы бар).