Республикалық турнир өтті

Р сыздыков"Қайрат" спорт кешенінде самбо және қазақ күресінен спорт шебері Рамазан Сыздықовты еске алуға арналған VІ Республикалық турнир жалауын көтерді.
1998-99 жылдары туған ер және қыз балалар арасында дзюдо күресінен өткен дүбірлі додаға Астана, Қарағанды, Қостанай, Рудный, Степногорск, Ерейментау, Жаңарқа сынды еліміздің қалалары мен аудандарынан жиырмаға жақын команда, барлығы екі жүзге таяу спортшы қатысып бақтарын сынады.
Спортшылар: ер балалар 8 салмақ (46,50,55,60,66,73,81,+81) дәрежесінде, қыз балалар 2 салмақ (52-63) дәрежесінде сынға түсті.
 Республикалық турнирден арқалықтық төрт бірдей спортшы жеңімпаз атанды. Олар: Нұрзат Мұқанбетқалиев – 46 келі салмақта, Мая Кенжеғалиева – 52, Абай Балмаш – 55 (№4 мектеп), Асылан Сағитбек – 73 (№1 мектеп). 
 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
 Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓