Аяғы ауыр жұбайын мерт қылды

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты  өзінің аяғы ауыр жұбайын өлтірді деп  айыпталған азамат Б.-ға қатысты сот үкімін шығарды.
20141005155202aT0B3Бұған дейін хабарланғандай, іс материалдарына сай осы жылдың 20 маусымында Қостанай қаласы Орджоникидзе көшесіндегі пәтерде азамат Б. мас күйінде өз жұбайымен арада туындаған ұрыс кезінде асханалық пышақпен оны жаралаған. Жәбірленуші Н.-ның қылмыс жасалған кезінде  5 айлық (19-20 апта) мерзімде аяғы ауыр болғаны да қылмыскерді тоқтатпаған.
 Осыдан кейін Б. сыртқа жүгіріп шығып, көршіден көмек сұрайды. Көрші өз кезегінде жедел жәрдем шақырған. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмекке қарамастан алған жарақаттың салдарынан жәбірленуші іштегі нәрсетесімен бірге ауруханада көз жұмған.
 Осы қылмыстық іске орай, кінәлі деп танылған Б. сот үкімімен қатаң тәртіптегі түзету колониясына 15 жылға қамауға алу жазасына кесілді.
 
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓